Айна, магнит немесе ілгекті орнату (C суретін қараңыз)

Айнаны (18), магнитті (16) және ілгекті (17) көмекші құрал ретінде камера бастиегіне (8) монтаждауға болады.

3 көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей, камера бастиегіндегі (8) ойыққа тірелгенше енгізіңіз.

Нұсқау: магнит (16) және ілгек (17) тек бос тұрған, кіші және жеңіл заттарды жылжыту немесе алып тастау үшін жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда, тексеру камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.