Жұмыс құралын ауыстыру
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты (14) аспап патронының (1) квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты ретте алмалы-салмалы аспап (14) аспап патронында (1) аздап бос тұрады; бұл жұмыс істеуіне/қауіпсіздігіне әсер етпейді.