Пайдалануға ендіруҚосу/өшіруЭлектр құралын қосу үшін ажыратқышты (3) ауыстырып-қосқышта І көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) ауыстырып-қосқышта 0 көрсетілетіндей артқа жылжытыңыз.Қайта іске қосылудан қорғанысҚайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (3) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.Бірқалыпты іске қосуЭлектрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады.