Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Ол үшін электр құралын өшіріңіз. Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды шығарып қағыңыз. Бітелген жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды тазалау үшін тиісті құралды, мысалы, ағаш кесіндісін, қысылған ауаны және т.б. пайдаланыңыз.

Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш құралды немесе шаң/жоңқа жинағыш қапты пайдаланыңыз.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) алып тастаңыз.

Электр құралына екі жағынан сору адаптерін (24) (керек-жарақ) сорғыш шлангімен (диаметрі 35 мм) (22) (керек-жарақ) бірге салуға болады.

Алдымен сору адаптерін (24) электр құралына салыңыз. Сору адаптерінің құлпын (25) бекітіңіз. Содан кейін сорғыш шлангіні (22) сору адаптеріне (24) екі батырма (26) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.

Сорғыш шлангіні (22) шаңсорғышқа (керек-жарақтар) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.

Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) алып тастаңыз.

Шағын жұмыстарда шаң/жоңқа жинағыш қапты (керек-жарақ) (23) пайдалануға болады.

Шаң/жоңқа жинағыш қапты (23) электр құралына салыңыз. Шаң/жоңқа жинағыш қаптың құлпын (25) бекітіңіз.

Шаң/жоңқа жинағыш қапты (23) дер кезінде босату арқылы шаң соруды оңтайлы күйде сақтайсыз.

Жоңқаны шығару бағытын белгілеу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (13) жонғының оң немесе сол жағына енгізіңіз.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (13) енгізілмеген болса, шаң мен жоңқа жонғының екі жағынан шығарылады.