Пайдалану нұсқаулары
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Жонғы әдісі
Қажетті кесу тереңдігін реттеп, электр құралын жылжымалы жонғы табандығымен (14) дайындамаға қойыңыз.
- Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Жиектердің жүздерін кесу (D суретін қараңыз)
Алдыңғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойық (15) дайындама жиектерінің жүздерін жылдам әрі оңай кесуге мүмкіндік береді. Ол үшін жонғыны V тәрізді ойықпен дайындама жиегіне қойып, үстінен жылжытыңыз.
Пайдаланылатын ойық | Өлшемі a (мм) | |
V тәрізді ойық | 2,1 – 5,0 | |
орташа | 0,0 – 2,8 |