Пайдалануға ендіру
Нұсқау: электр құралы 1 мм-ге дейінгі кесу тереңдігіне оңтайландырылған.
Айналмалы реттегіштің (1) көмегімен кесу тереңдігін 0 – 1,0 мм аралығында сатысыз реттеуге болады. 1 мм шамасынан үлкен кесу тереңдігі үшін (2) түймесін басу керек:
Материал | Жонғы ені, мм | Кесу тереңдігі, мм | |
---|---|---|---|
0 – 1,0 | 0 – 2,0 | ||
Жұмсақ ағаш | < 30 | ● | ● |
30 − 40 | ● | − | |
Қатты ағаш | < 20 | ● | ● |
20 − 30 | ● | − | |
Жұмсақ ағаш (дымқыл) | 0 − 40 | ● | − |
Шере | < 20 | ● | ● |
20 − 30 | ● | − | |
Фенопластпен қапталған шере | < 15 | ● | ● |
15 − 30 | ● | − | |
Ортаңғы тығыздықты ағаш талшықты тақталар | < 20 | ● | ● |
20 − 30 | ● | − | |
Буаттар | 1 | ● | ● |
Қатты ағаш буаттары | 3 − 5 | ● | ● |
Екі компоненттік толтырғыш | 3 − 5 | ● | ● |
Картон | 2 | ● | ● |
- Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (3) басып, содан кейін ажыратқышты (4) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (4) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (10) жартылай немесе толық басылған ажыратқыш (4) күйінде аккумулятордың зарядталғанын бірнеше секунд ішінде көрсетеді және 3 жасыл жарық диодынан тұрады.
Жарық диодтары | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 3× жасыл | ≥66 % |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | ≥33 % |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | <33 % |
Жыпылықтау 1× жасыл | Резерв |